Оңтүстік Кореяда вакцинадан қаза табудың алғашқы фактісі тіркелді

762

Екпе салдырғаннан кейін 9 күн өткен соң, қайтыс болған адамның жүрегі айнып, басы ауырған.

Оңтүстік Кореяда вакцинадан қаза табудың алғашқы фактісі тіркелді

Оңтүстік Кореяда AstraZeneca препаратын ектірген адамның қаза тапқаны жарияланды. Бұл – вакцинадан ажал құшудың алғашқы фактісі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.  

Қайтыс болған ер адам шамамен 30 жаста болған. Ол 16 маусымда тромбоцитопения синдромы бар тромбоздан көз жұмды. Екпе салдырғаннан кейін 9 күн өткен соң, оның жүрегі айнып, басы ауырған.  Препаратты ол 27 мамырда қабылдаған болатын. 
AstraZeneca вакцинасы бұл елде сәуірден бастап ектіріліп жатыр. Оны тек 30 жастан асқан адамдар қабылдауда. Өйткені мамандар екпенің жанама әсері ауыр екендігін растаған еді. Ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау органдары COVID-19 дертіне қарсы вакцина салдырғаннан кейін қаза тапқан 224 адамның өлімін тергеді. Жергілікті билік 210-ның нақты екпеден ажал құшпағанын жариялады. Қазір қалғандары анықталып жатыр. 

Әзірге Оңтүстік Корея тұрғындары AstraZeneca, Pfizer және Janssen вакциналарын ектіртуде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу