Оңтүстік Кореяда зауытта болған өрт салдарынан 22 адам қаза тапты

218

Құтқарушылар қызыл жалынды 5 сағаттан кейін ауыздықтады. 

Оңтүстік Кореяда зауытта болған өрт салдарынан 22 адам қаза тапты Фото: бейнеден скриншот

Дүйсенбі күні Оңтүстік Кореяның Хвасон қаласындағы литий аккумуляторын өндіретін зауыттан шыққан өрттен кем дегенде 22 адам, соның ішінде шетелдіктер қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің мәлімдеуінше, өрт 3-қабаттан шамамен 35 000 батареясы бар қоймадағы батарея ұяшықтары жарылғаннан кейін басталған. Тілсіз жаудың шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Опат болғандардың 20-сы шетелдік азаматтар. 18-і Қытай, біреуі Лаос азаматы. Тағы бір құрбанның азаматтығы анықталған жоқ.

Жергілікті билік құрбандар саны артуы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ бір адам із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты. Зауыттың тағы екі жұмысшысы ауыр жарақат алды.

Ел президенті Юн Сок Ёл оқиға орнына барды. Ішкі істер министрлігінің басшысы жергілікті билік өкілдерін маңайдағы аумақтың қауіпті химиялық заттармен ластануына жол бермеу үшін қажетті іс-шаралар қабылдауға шақырды.

Aricell компаниясы 2020 жылы құрылған. Кәсіпорын сенсорлар мен радиобайланыс құрылғылары үшін литий батареяларын шығарады. Өндірушінің соңғы нормативті құжаттарына сәйкес компанияда 48 қызметкер жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу