Оңтүстік Кореяда жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

260

Мамандардың айтуынша, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Оңтүстік Кореяда жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? Фото: Yonhap

ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда болған жарылыстан зардап шеккендердің арасында отандастарымыздың бар-жоғын анықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өйткені, литий батареялары сақталған қоймадағы өрт кезінде қаза болған кейбір азаматтың кім екені белгісіз.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, әзірге 18 қытай азаматы, бір Лаос және екі Оңтүстік Корея азаматының мәйіті табылған.

Мамандардың айтуынша, бір адам із-түзсіз жоғалды. Бұдан бөлек қайтыс болғандардың тізімі әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені, күнделікті жұмысқа шығатын қызметкерлердің тізімі жойылып кеткен.

Айта кетейік, Хвансон қаласында 35 мың литий батареясы сақталған қоймада жарылыс болып, кейін алапат өртке ұласқан. Бұл уақытта зауытта 100-ге жуық адам болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу