Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау мамыр айында өтуі мүмкін

125

Yonhap news дерегінше, Оңтүстік Корея елдегі ішкі саяси жағдайдың болашағын талқылауды жалғастыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау мамыр айында өтуі мүмкін Фото: РИА Новости

Саяси күн тәртібінде кезек күттірмейтін үш мәселе күтіп тұр.

Конституциялық Соттың импичмент бойынша қорытынды шешімі қашан шығарылады? Бұл қандай шешім болады – импичментті мақұлдау немесе жою? Егер импичмент мақұлданса, мерзімінен бұрын перзиденттік сайлау қашанға жоспарланады?

Сарапшылардың пікірінше, егер Сот импичментті мақұлдаса, онда елде мерзімінен бұрын сайлау мамыр айында өтеді. Екі саяси күш те ықтимал сценарийге дайындалуда.

"Қалай болғанда да, алдағы апталар саяси оқиғаларға толы болады", – делінген басылымда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу