Оңтүстік Корея инвесторлары Түркістан облысында күн электр станциясын салмайтын болды. Бұл туралы LS-ке өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасындағылар айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, "жасыл жоба" Бәйдібек ауданында салыну керек болатын.
"Тап қазіргі уақытта оңтүстік кореялық Emperial Energy және KK-Kuinsen компаниялары салады деген нысан инвесторлар тарапынан қызығушылық болмағандықтан салынбайтын болды", – деп түсіндірді басқармадағылар.
Еске салар болсақ, электр станциясында 50 жаңа жұмыс орны құрылу керек болатын. Өңірде 145 млн долларға төрт КЭС салынады деп жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу