Оңтүстік Кореяның 50-ге жуық мектебіне жабылу қаупі төніп тұр

Елде туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты бастауыш сынып оқушыларының саны күрт азайған.  

Оңтүстік Кореяның 50-ге жуық мектебіне жабылу қаупі төніп тұр Фото: Amino Apps

Сондықтан да, биылғы оқу жылында 49 мектептің жабылуы жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік Корея Ұлттық жиналысының білім беру комитетінің депутаты Ким Де Шиктің 28 ақпанда жариялаған деректеріне сәйкес, 2025 оқу жылында бастауыш сыныптың бірінші сыныбына қабылданатын оқушылар саны – 356 258. Бұл – 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,8%-ға төмен.

Сарапшылар туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты көптеген мектепті біріктіру немесе жабу процесі жалғасатынын ашық айтқан. Статистика агенттігінің мәліметіне сенсек, елде туу көрсеткіші 2004 жылғы 476 958 баладан 2024 жылы 238 300 балаға дейін азайған.

Өңірлер бойынша туу көрсеткішінің ең көп төмендеуі Чоллабук-до (-60,6%), Кванджу (-59,3%) және Сеул (-58,3%) қалаларында байқалады.

Оңтүстік Кореяда 2020 жылдан бастап 4 жыл уақыт аралығында 137 мектеп жабылған. Осы демографиялық өзгерістер 2025 жылы тағы 49 мектептің жұмысын тоқтатуына себепкер болуы ықтимал.

Inbusiness.kz сайты бұған дейін де демографиясы рекордтық деңгейде төмендеген Жапония елінің жағдайы туралы жазған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу