Оңтүстік Кореяның елшісі: Өткен жылы басталған әріптестігіміз жалғасын тапса дейміз

909

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Корея Республикасының еліміздегі төтенше және өкілетті елшісімен кездесті.

Оңтүстік Кореяның елшісі: Өткен жылы басталған әріптестігіміз жалғасын тапса дейміз

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екі тарап бүгінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Әбілқайыр Сқақов өңірде Оңтүстік Кореяның жоғары технологиялар мен ғылым саласындағы тәжірибесін зерделеуге мүдделі екендігін атап өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Павлодар облысының ресурстарын өсім нүктелерін құру әлеуеті ретінде қолдануға болады. Инвестицияларды тарту – біз үшін бірінші кезектегі мәселе. Ол үшін бізде қажетті инфрақұрылым мен басқару институттары бар. Қаржыландыру секторлары да жетерлік",– деді Әбілқайыр Сқақов.

Елші оңтүстіккореялық компаниялар үшін өнеркәсібі дамыған Павлодар облысымен жұмыс істеу аса қолайлы екендігін жеткізді. Ким Дэ-сик ферросилиций өндіретін зауыттың құрылысымен айналысатын қазақстандық "Mineral Product" ЖШС мен Оңтүстік Кореяның Sac Holding компаниясының бірлескен жобасы туралы сөз қозғады.

"Қазір бұл жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Өткен жылы бастаған әріптестігіміз жалғасын тапса дейміз. Біздің компанияларымыз агроөнеркәсіптік кешен саласында әрекеттесуге дайын. Қазіргі кезде "ақылды фермерлік" бағыты жақсы дамыған. Осы бағытта жұмыс істеуге болады. Мен Павлодар облысының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тізбелеп жазып алып, олар туралы міндетті түрде оңтүстік кореялық компаниялардың өкілдеріне хабарлайтын боламын", – дейді елші.

Тараптар медицина мен білім беру саласындағы әріптестік мәселелерін де талқылады. Әбілқайыр Сқақов Оңтүстік Корея мамандарының осы салалардағы бай тәжірибесін Павлодар облысында қолдануға болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу