Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады

994

Корея Республикасының Елшісі ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді миссиясының аяқталуына байланысты Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ким Дэ Сикті қабылдады. Кездесу барысында министр корей дипломатына Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы" мемлекеттік наградасын табыс етті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Мұхтар Тілеуберді Ким Дэ Сикке Елші ретінде атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық қызметінде сәттілік тіледі.

Айта кетсек, Ким Дэ Сик Елші лауазымына 2017 жылғы сәуірде тағайындалған. Ол 2019 жылғы сәуірде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған "Самал жел" жаңа экономикалық бағдарламасы бастамашыларының бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу