Оңтүстік Кореяның оппозициясы президенттің импичменті үшін қажетті дауыс санын жинай алды

1068

Оңтүстік Кореяның оппозициясы президенттің импичменті үшін қажетті дауыс санын жинай алды

Оңтүстік Кореяның оппозициялық күштері ел президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялау үшін қажетті дауыс санын жинай алды, деп жазады "КоммерсантЪ".

Атап айтқанда, президент отставкаға кету үшін, сол сияқты импичмент үшін Ұлттық жиналыстың 300 депутатының кемінде 200-і жақтап дауыс берді. Бұл шешімді оппозиция мүшелері мен тәуелсіз парламентарийлер қолдауы үшін, ел басшысының отставкаға кетуін ұсынған "Сэнури" басқарушы партиясының бірлескен депутаттарының кемінде 28 дауысы талап етіледі.

"Президенттің кешегі халыққа үндеуінен кейін кейбіреулер бізді табандылықтан тайды деп санайды, бірақ олай емес. Бүгін топтың жиынын өткізіп, онда бұған дейін айтылған ұстанымымызды растадық", – деп келтіреді дереккөз "Сэнури" өкілі Хван Ян Чулдің сөзін.

Импичмент жөнінде дауыс беру желтоқсанның 2-сі мен 9-ы аралығына жоспарланған.

Кеше Пак Кын Хе өзінің президент тағынан кету сыңайы барын білдірді. 2 млн адам өткен демалыста Пак ханымнан жуық арада қызметінен кетуді талап еткен еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, ол "18 жыл өмірін елге қызмет етуге арнаған" және "бір сәт те өз мүддесін көксемеген".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу