Оңтүстік Корея соты 14 желтоқсанда парламентте импичмент жариялау нәтижесінде өкілеттігі тоқтатылған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёлды тұтқындауға және тінту жүргізуге ордер берді. Бұл туралы жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Сот президент Юн Сок Ельді бүлік шығарды деген айыппен қамауға алуға санкция берді. Қазіргі президентті тұтқындауға ордер конституциялық тарихта алғаш рет берілді", – делінген хабарламада.
Юн Сок Ель "әскери күшпен төтенше жағдайға" байланысты бүлік шығарды деп күдіктелуде. Сондай-ақ тінту туралы санкция берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу