Кореяның статистикалық агенттігінің болжамы бойынша, халықтың тез қартаюы мен туу көрсеткішінің деңгейі төмен болуына байланысты жас оңтүстік кореялықтардың саны 30 жылда екі есеге азаяды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кореяда 19 бен 34 жас аралығындағы адамдар саны 2020 жылы 10,21 миллион болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 5,21 миллионға дейін төмендейді деп болжануда.
"2020 жылы жас халықтың үлесі ел халқының жалпы санының 20,4%-ын құрады, бірақ 2050 жылға қарай ол 11%-ға дейін төмендейді деп күтілуде", - деп қосты агенттік.
Сонымен қатар, осы жас тобындағы үйленбеген ұлдар мен тұрмысқа шықпаған қыздардың пайызы соңғы онжылдықтарда өсті. 2020 жылы елде 7,84 миллион үйленбеген жастар болды, және бұл осы жас тобының жалпы санының 81,5 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш 2000 жылы 54,5%-ды, ал 2010 жылы 68,9%-ға дейін жетті.
Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда да жұмыс істейтін әйелдер көп, олардың үлесі 2000 жылғы 42,3%-дан 2020 жылы 61,1%-ға дейін өсті.
Бұдан бөлек, жалпы туу коэффициенті 2023 жылы ең төменгі рекорд 0,7-ге дейін жетті.