Салдарынан жеті адам әртүрлі ауырлық дәрежесінде жарақат алған, шіркеу мен тағы алты ғимарат қираған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осылайша, Оңтүстік Корея Әскери-әуе күштерінің екі KF-16 жойғыш ұшағы жауынгерлік жаттығу кезінде өрескел қателесті.
Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында Сеулден солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Пхочхон қаласындағы үйдің маңында снаряд түскені туралы ақпарат келген. Өрт сөндіру қызметі зардап шеккендердің екеуінің ауыр жарақат алғанын, жарақат алғандардың көбінің сүйегі сынғанын хабарлап отыр. Оқиға кезінде жүк көлігі де бүлінді. Зардап шеккен жеті адамның барлығы медициналық көмек алу үшін ауруханаларға жатқызылды.
Әскери-әуе күштері оқиғаның тергеліп жатқанын мәлімдеп, бейбіт тұрғындардан келтірілген зиян үшін кешірім сұрады.
– Біз бомбалардың абайсызда лақтырылуы салдарынан бейбіт тұрғындарға келтірілген кез келген зиян үшін өкініш білдіреміз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз барлық қажетті шараны қолданамыз, соның ішінде келтірілген залалдың орнын толтырамыз, – делінген ВВС мәлімдемесінде.