Көкпекті ауданына оңтүстіктен 10 отбасы көшіп келе жатыр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Көшті аудан əкімі Асхат Смаилов қабылдады. Аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, ауыл əкімдері, дербес бөлім басшылары қатысқан жиында ауданға қоңнс аударуға ниетті отбасыларға ұсынылатын мүмкіндіктер жан-жақты сараланды.
"Қолдан келген барлық көмек пен қолдауды аямаймыз. Отбасы мүшелеріне мамандығына сай жұмыс ұсынамыз. Кəсіп қылам дегендерге қолдау болады. Мал өсіріп, егін егемін дегендер болса жер беруге дайынбыз", – деді Асхат Сайдахметұлы.
Бүгінгі күні Түркістан облысының Қаратал ауданында тұратын 10 отбасы Көкпекті ауданына қоныс аудармақ. Елмен танысып, жер көріп, тұрақты мекен тандайық деп келген 5 азамат ауданның Ажа, Биғаш, Қарғалы, Егінбұлақ, Көкжыра ауылдарын аралады.