Оңтүстік өңірдің халқы 2050 жылға қарай 5,2 миллионға жетуі мүмкін

937

Оңтүстік өңірдің халқы 2050 жылға қарай 5,2 миллионға жетуі мүмкін

Қазақстан үкіметі оңтүстіктен өзге өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатындарға ақы төлемекші. Атап айтқанда  отбасындағы әр адамға 80 мың теңгеден қарастырылып отыр, деп жазады LS.
Еңбек және  әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтар мен елге келген қонақтар  ел аумағында еркін жүріп-тұруына құқы бар.
Дей тұрғанмен, зерттеулер көрсеткендей,  еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғын халқы  2050 жылға қарай  5,2 млн адамға көбеймек. Бұл халқының саны 900 мың адамға дейін кемігелі отырған солтүстік өңірлердегі көрсеткіштен төрт есе көп. Ол еңбек нарығындағы экономикалық және демографиялық теңсіздікке алып келеді деген сөз.
"Сол себепті еңбек күші қажет аймақтарға ерікті түрде қоныс аударуды ынталандыру шаралары. қабылдап жатыр. Атап айтқанда көші-қон заңнамасына сәйкес, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоныстандыру  аймақтары ретінде бекіттік. Аталған облыстармен қатар Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары да оралмандарды қоныстандыру аймағы ретінде айқындалып отыр", - деп түсіндірді еңбек министрлігіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу