Оңтүстік өңірлерде зиянкестерге қарсы күрес шаралары басталды

127

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Оңтүстік өңірлерде зиянкестерге қарсы күрес шаралары басталды Фото: АШМ

Алматы және Жамбыл облыстарындағы өңірлік штаб алаңдарында қорғау шараларына дайындық мәселелері қаралды. Әсіресе, барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге және зиянкестердің таралу қаупіне жедел әрекет етуге айрықша назар аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Алматы облысында аумақтарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Алматы қаласы, Жамбыл, Қарағанды және Жетісу облыстарымен бірлесіп шекаралас аумақтарға мониторинг жүргізу жоспарланған.

Химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының екінші онкүндігінде басталмақ, жалпы 83,4 мың гектар жерді қамтиды. Арнайы жерүсті техникалары мен авиация толықтай дайын.

Жергілікті фермерлер мен омарташылар өңдеу жұмыстарының кестесі туралы алдын ала хабардар етіледі. Бұл өңдеу кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерді барынша азайтуға жол ашады.

Жамбыл облысында зиянкестердің таралу ошақтарын мониторингтеу және жедел анықтау жұмыстарына 500-ден астам маман тартылған. Өңдеу жоспары 230,8 мың гектарды құрайды, бүгінде ауыл шаруашылығы алқаптарының алғашқы 1000 гектары өңделіп үлгерген. Қорғау шараларына 56 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.

Штаб отырыстары барысында материалдық-техникалық базаның, соның ішінде бүрку техникасының дайындығы да тексерілді. Сондай-ақ жағдайды бақылауды күшейту және қорғау шараларының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

Шегіртке тектес зиянкестермен күресте кешенді әрі уақтылы тәсіл қолдану егін шығынын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға және өңірлердегі азық-түлік тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу