Оңтүстік өңірлердегі шаруалар ӘКК арқылы пайызсыз несие ала алады

632

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербайдың  Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде мәлімдеді.    

Оңтүстік өңірлердегі шаруалар ӘКК арқылы пайызсыз несие ала алады Фото: baq.kz

"Бұл шара отандық өндірушілерді әсіресе, көктемгі дала жұмыстары кезінде қолдауға, оларға өткізу нарықтарына қол жеткізуге, өнімді сатып алу және өткізу жүйесін жолға қоюға және нәтижесінде халықты қолжетімді бағамен отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Жеңіс Өсербай.

Сондай-ақ вице-министр 2023 жылдан жұмыс істеп бастайтын АӨК субсидиялау жүйесіндегі инновациялар туралы айтып берді. Мемлекеттік қолдау құралдарындағы нақты өзгерістер қолданыстағы субсидиялау жүйесінің негізгі контурларын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Субсидиялауға өтінімдер беру үшін тегін онлайн-платформа әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Онда қаражат жетіспеген кезде ірі тауар өндірушілердің мүдделерін көздеу мүмкіндігін болдырмайтын және берілген өтінімдерді кезек тәртібімен қанағаттандыруға кепілдік беретін "күту парақтары" енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу