Оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлер бойынша шаралар қабылданады

1034

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов алдағы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.  

Оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлер бойынша шаралар қабылданады

Экология, геология және табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы, энергетика министрлері, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының басшылығы Арал-Сырдария бассейнінде қалыптасқан жағдай туралы баяндады. Биыл судың аз келуіне байланысты Қырғыз Республикасының аумағындағы Тоқтоғұл су қоймасына жиналған судың көлемі өткен жылғы деңгейге жетпейді. Қырғызстанның өзінің су-энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс екенін ескере отырып, Қазақстан аумағына жіберілетін су көлемінің төмендеу қаупі бар.

Премьер-Министр Экология, геология және табиғи ресурстар, сондай-ақ Энергетика министрліктеріне көктемгі-жазғы кезеңде еліміздің оңтүстік өңірлерінің суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Ә. Смайылов трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдалану бойынша өзара тиімді шешімдер қабылдау үшін Қырғызстанмен және Өзбекстанмен қарқынды келіссөздер жүргізу қажет екенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігіне су үнемдеу технологияларын және аграрлық салада су ресурстарын тиімді пайдаланудың басқа да құралдарын енгізу аясындағы жұмысты күшейту тапсырылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу