Оңтүстік өңірлердегі суару каналдарының көбі қоршалмаған

410

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оңтүстік өңірлердегі суару каналдарының көбі қоршалмаған Фото: primeminister.kz

Оңтүстіктегі суару каналдары адамдарға қауіп төндіріп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Оңтүстік өңірлердегі суару каналдарының көбі қоршалмаған. Бұл – бірінші кезекте балалар үшін өте қауіпті. Каналдарда балалар өлімі көп жағдайда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі", - деді ол. 

Үкімет басшысы бұл ретте Түркістан облысының оң тәжірибесін атап өтті. 

"Онда арыққа түсіп, құлап кеткен жағдайда өз бетінше сыртқа шығуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар орнатылып жатыр. Сондықтан өңір әкімдіктері осы тәжірибені зерделеп, каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін пысықтауы қажет. Тағы бір мәселе. Өткен демалыста Павлодар облысында фонтанда шомылып жүрген баланы тоқ соқты. Ондай жерлерде суға түсуге мүлдем тыйым салынған. Санитарлық дәрігерлер де рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екенін айтады", - деді Әлихан Смайылов. 

Ол әкімдіктерге фонтандардың жұмысын тексеріп, бақылауды күшейтуді тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу