Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдиннің айтуынша, азаматтар бұрынғы жылдары немесе басқа елдерде түсірілген видеоларды жариялап жатыр. Бұл кадрлар нақты жағдайды бұрмалап көрсетеді.
– Биыл үйірлі шегірткелер 2,1 млн гектарға дейін жайылуы мүмкін деп болжанған. 20 мамырдағы жағдай бойынша 2,3 млн гектардан астам аумақ зерттеліп, 429 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары 95% аяқталды, қазір қосымша тазарту жүргізіліп жатыр. 11 өңірде итальяндық прус пен азиялық шегірткемен күрес жалғасып жатыр. Мониторингке 4600-ден астам маман тартылған. Қорғаныс шараларында заманауи, жоғары тиімді пестицидтер қолданылды, – деді Олжас Тлебалдин.
Зиянкесткерге қарсы жұмысқа 443 арнайы техника жұмылдырылды. Өңірлерде облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды.
Жағдай мемлекеттік инспекция комитетінің тұрақты бақылауында.