"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жасағы Үндістанға барды

1494

Үндістанда қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды.  

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жасағы Үндістанға барды

Үндістанның Питхорагарх қаласына жақын жерде орналасқан әскери палигонында "Қаз-Инд-2019" қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Шара қарсаңында Үндістанға Қазақстан Құрлық әскерлері "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілер жасағы келді.

Екі апта бойы халықаралық жиынтық бөлімше құрамында 60 қазақстандық әскери қызметші үнді әріптестерімен тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасып, тау жағдайында шартты заңсыз әскери құрылымдарды оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды теорияда жүзінде зерттеп, іс-жүзінде пысықтайтын болады.

Қазіргі таңда оқу-жаттығуға қатысуышалар, құрамында әр мемлекеттен 60 адам болатын қазақстандық және үнділік әскери қызметшілердің жиынтық бөлімшесін құруға кірісіп кетті.

Үнді Қарулы Күштерінің 111-ші жеке механикаландырылған бригада командирі генерал Мандэл, оның бөлімшесіндегі жауынгерлер бірлескен оқу-жаттығуларға қатысқанына, жаңа тәжірибе жинап және алмасатынына қуанышты екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу