Оңтүстік Осетия Ресейге қосылмақ

1992

Абхазия басшылығы болса, мұндай жоспардың жоқ екенін мәлім етті.

Оңтүстік Осетия Ресейге қосылмақ

10 сәуірден кейін Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы туралы референдум өткізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz республика басшысы Анатолий Бибиловтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Бөлінген осетин халқының басты тарихи, стратегиялық мақсаты – бір мемлекет аясына бірігу. Бұл мемлекет – Ресей Федерациясы. Біз жақын арада осы орайда заңды әрекетке көшеміз", – деді ол. 

Бибиловтың баспасөз хатшысының айтуынша, Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы туралы плебисцит мойындалмаған республиканың басшысы сайланған соң ұйымдастырылмақ.

Абхазия басшылығы болса, Ресейге қосылуы туралы жоспары жоқ екенін мәлімдеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу