"Оңтүстік пен батыс аймақта жұмыспен қамту – өткір проблема"

1371

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында өңірлер біркелкі дамымай жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оңтүстік пен батыс аймақта жұмыспен қамту – өткір проблема"

"Қазақстанның өңірлері әркелкі дамып келе жатқаны баршаға мәлім. Диспропорция көші-қон көңіл-күйінің өсуіне алғышарттар жасайды. Соңғы оқиғалар батыс және оңтүстік аймақтарда жұмыспен қамту проблемасы өткір екенін көрсетті. Онда бала туу деңгейі жоғары, ал экономика жұмыс орындарын құрумен қатар жүрмейді. Сондықтан жүйелі индустрияландыру, шағын және орта бизнеске жәрдемдесу, осы салаларда көрсетілетін қызметтер секторын дамыту өңірлік емес, ұлттық басымдық болып табылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дамудың мәдени және білім беру құрамы туралы ұмытпау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, білімді азаматтар ел ауқымында бәсекеге қабілетті және табысқа жету және лайықты өмір сүру мүмкіндігі жоғары. Осыған байланысты ол Үкіметке "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы мен Бизнестің жол картасы шеңберінде батыс және оңтүстік өңірлер үшін жекелеген бағыттар әзірлеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу