Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бірлескен әскери жаттығуы басталды

366

Жуырда ресми Бейжің жаңа карта жариялап, көрші елдердің бірнеше акваториясын Қытай шекарасына енгізіп алған.

Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бірлескен әскери жаттығуы басталды Фото: ВВС

Индонезияда Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы елдерінің алғашқы бірлескен әскери жаттығулары басталды. Шара Оңтүстік Қытай теңізі аймағында өтеді. Себебі, ресми Бейжің жаңа карта жариялап, бірнеше акваторияны Қытай шекарасына енгізіп алған.

Атап айтқанда, Бруней, Вьетнам, Индонезия, Малайзия және Филиппиннің ерекше экономикалық аймақтарына жататын жерлерді меншіктеген.

Бұл ретте, Индонезия Қарулы күштерінің басшысы Юдо Маргоно 5 күнге жалғасатын шараның қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті. Әскерилер Натуна аралынан тыс теңізде патрульдеу және құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу