Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында сел қаупі сақталуда – ТЖМ

472

Министрлік қазақстандықтарды тауға шықпауға шақырды.

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында сел қаупі сақталуда – ТЖМ Фото: inbusiness.kz

Таяу тәулікте Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күтілетін жауын-шашынға байланысты таулы өзендерде су шығыны артады деп болжануда. Кейбір өзендерде жоғары су тасқыны, соның ішінде сел тасқыны жүруі мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова хабарлады.

Бұдан бөлек таулардың баурайында қарқынды беткейлік ағын пайда болуы мүмкін.

"Республиканың шығысында су деңгейінің аздап ауытқуы күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында сел қаупі сақталып отыр", - деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты ТЖМ ел тұрғындарына тауға бармауға, қауіп төнген жағдайда немесе кенеттен сел жүрсе, жер бедерінің ең биік нүктелеріне көтерілуге кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу