Оңтүстікке мұнай өнімдерін жеткізудегі іркілістер жойылады – Мағауов

763

Оңтүстік өңірлерге мұнай өнімдерін жеткізудегі іркілістер таяу уақытта жойылады. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оңтүстікке мұнай өнімдерін жеткізудегі іркілістер жойылады – Мағауов

"2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 6,7 млн тоннаны құрады. Атырау мен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарында электр энергиясына байланысты іркілістер туындады. Бензин мен дизельдік отынды өндіру жағынан өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық өндірілді",– деді вице-министр.

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы қиындықтарға байланысты бензин түріндегі мұнай өнімдерінің экспорты тоқтатылған. Сонымен қатар автокөлікпен бензинді сыртқа шығаруға тыйым салынған. Одан бөлек мұнай өнімдерінің қорын қалыптастыру үшін Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өткізілген. 

"Осы шаралардың арқасында 293 мың тонна жинап алдық. Бұл – жыл басынан бергі көрсеткіштен 90 мың тоннаға артық. Сонымен қатар 311 мың тонна дизельдік отын қоры жиналды. Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеуге 45 күн кетті. Бәрі сәтті аяқталды. Бензин қоры қазір 227 мың тонна. Дизельдік отынның 213 мың тонналық қоры бар", – деді ол.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында 13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта жанданып, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіру 6,5 мың тоннаны құрады.  

"Бұл – оңтүстік өңірлердің қажеттілігін жабады", – деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу