Оңтүстікте "Хакатон" марафоны басталды

795

Оңтүстікте "Хакатон" марафоны басталды

Шымкент қаласында компьютерлік ақпарат-бағдарламасын әзірлеуші мамандардың  "Хакатон" марафоны  бастау алды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен түрлі деңгейлі ІТ мамандардан құралған 50 адам  қатысуда. Марафон шарты бойынша, қатысушылар өздерінің жеке өздеріне тиесілі бағдарламасын түзіп, оны тікелей тапсырыс берушінің алдында таныстыруы керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – дайын ІТ-жобасына қол жеткізу. 
Расында, үздік идея іс-тәжірибе жүзінде көрінеді. Ал үміткерлердің жұмыстарын арнайы бекітілген қазылар алқасы яғни құрамында ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт, ӘКК төрағасы Әбілсейіт Рабаев пен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің өкілдері мен кәсіпкерлер жасағы қадағалап отырды.
Жеңімпаздарға арнайы сый-тарту қоры қарастырылған. Мәселен, 1-орынға – 1 миллион теңге, 2-орынға – 500 мың теңге. Ал 3-орынға 250 мың теңге тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу