Оңтүстікте 11 мыңнан астам азаматқа кәсіптік білім беріледі

773

Оңтүстікте 11 мыңнан астам азаматқа кәсіптік білім беріледі

Оңтүстік Қазақстанда "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында 11437 адам техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етілмек. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бұрханов мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, облыстағы еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, бағдарламаға қатысушы 4584 азамат ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету мен білім беру мамандықтарында білім алады.

Ал жұмысшы 6853 кадр қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданады.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына тоқталған басқарма басшысының міндетін атқарушы биыл жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген текникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған кешенді тестілеуге өзгерістер енгізілгенін айтты.

Яғни ТжКБ ұйымының түлегі жоғары оқу орнына түсетін болса, ол 2 пәннен ғана тест тапсырады. Онда барлығы 60 тапсырма және тестілеу уақыты 1 сағат 40 минут. Ең жоғары балл – 70, шекті деңгей – 35 баллдан кем емес болуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу