Оңтүстікте 150 түрлі дәрі-дәрмектің жыл аяғына дейін қымбаттауына жол берілмейді

1112

Оңтүстікте 150 түрлі дәрі-дәрмектің жыл аяғына дейін қымбаттауына жол берілмейді

Оңтүстік Қазақстан облысында халық ең көп қолданатын 150  дәрі  жыл соңына дейін қымбаттамайтын болды.  Бұл  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен "Даму" фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында қол қойылған меморандум нәтижесінде  жүзеге асады. Ынтымақтастық  келісімі - қарапайым халық арасында кеңінен қолданысқа ие 150 түрлі дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды.

Меморандум мақсаты - облыс халқын қолайлы бағада сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету, әрі өзара ынтымақтастық орнату.

Меморандумға 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Қол қойылған  Меморандумның нәтижесі аясында 2017  жылға қарастырылған дəрі - дәрмектердің 150 атауының ішіндегі 13 түрінің бағасы едәуір төмендетіледі. Бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор. Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына Оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ортақ мақсаттағы келісімге сәйкес жүрек-қан тамырлары ауруына, қабынуға қарсы, анальгетиктер, антигистаминдер, асқазан мен гипотензивті препараттар, көз және құлақ тамшылары мен дәрумендердің бағасын бір деңгейде ұстап тұруды мекеме өкілдеріне өз жауапкершіліктеріне алып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу