Оңтүстікте 16 мектептің іргетасы қаланады

734

Оңтүстікте 16 мектептің іргетасы қаланады

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, биылғы жылдың соңына дейін 16 мектептің құрылысы басталмақ.

Бұл жоба жүзеге асқанда ОҚО-дағы 8 апатты, 11 үш ауысымды мектептерде оқып жүрген 12 мың оқушы жаңа ғимааттарда білім алатын болады.

Жалпы былтырғы жылы "Нұрлы жол" бағдарламасының арқасында 10 білім беру мекемелері пайдалануға берілген болатын. Атап айтқанда, өткен жылы 2 апатты мектеп және сығылысып үш аусыммен оқып жүрген 7 мектеп пен 1 балабақшаның (тапшылық орын) құрылысы аяқталып, бүлдіршіндер 1 қыркүйектен бастап жаңа ғимараттардың табалдырығын аттады.

Сондай-ақ, облыста тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін де жүйеге келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Айталық, Шымкент шаһары мен Түлкібас ауданындағы 2 нысанға аталған жұмыстар жүргізіліп, халық игілігіне тапсырылды.  Соның нәтижесінде  былтыр "Нұрлы жол" аясында  құрылыс жұмыстарына 3655 адам жұмысқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу