Оңтүстікте ағаш бүр жарды

1966

Оңтүстікте ағаш бүр жарды

Оңтүстік Қазақстан аумағында күн көктемдегідей жылып кетті. Соңғы күндері аймақ аудандарындағы сынап бағанасы орташа есеппен +10 градусты көрсетіп тұр, деп хабарлайды 24kz.

Мамандар мұны оңтүстіктен келген жылы ауа ағынының әсерінен деп түсіндіреді. Қаңтардағы жылымық апта соңына дейін сақталады деген болжам бар. Ал Шымкентте жұпар ағашы бүр жара бастаған.

"Оңтүстік аудандарда +15+17 градус тіркелді. Ол бізде циклонның шығуынан, циклонмен байланысқан жылы фронттың ауысып келуінен ауа температурасы көтерілді", – деді "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының инженер-синоптигі Динара Айтмырзаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу