"Оңтүстікте – көктайғақ, солтүстікте – боран": Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

126

Синоптиктер 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.    

"Оңтүстікте – көктайғақ, солтүстікте – боран": Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды Фото: shutterstock.com

"Қазгидромет" мәліметінше, ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде аяз сақталса, кей аймақтарда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы –18–30°С-қа дейін төмендеп, күндіз –10–18°С шамасында болады. Кей жерлерде қар жауып, боран соғуы мүмкін.

Шығыс өңірлерде түнде –20–32°С дейін аяз күтіледі, күндіз –12–20°С шамасында сақталады.

Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде –10–25°С, күндіз –5–15°С шамасында болады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде –3–10°С, таулы аудандарда –12–18°С, күндіз 0+5°С дейін жылынады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша кей аймақтарда тұман түсіп, желдің күшеюі мүмкін. Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолға шығатын азаматтарды сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу