Оңтүстікте салынатын гидроэлектростансаның орны белгіленді

1005

Оңтүстікте салынатын гидроэлектростансаның орны белгіленді

Жоба авторлары болашақ нысан үшін ең үлкен әрі биік шыңды таңдап алды. Гидроэлектростанса теңіз деңгейінен 1 250 метр биіктікте жұмыс істейтін болады. Болашақ гидроэлектростансаның орны алыстан менмұндалайды, деп хабарлайды 24.kz.

3 шақырымға созылған cу арнасының құрылысы аяқталып, дамба да дайын болған. Ендігі кезек – турбиналарды монтаждау. Ал жобаның таулы өлкеде жүзеге асуы оның ерекшелегін айқындайды. Мамандар Сайрам өзенін түбегейлі зерттеп, қуат көзін көп алуға болатын орынды анықтаған. Дәл осы жерден сағатына 4 мегаватқа жуық энергия алуға болады. Нысанның жанында шағын станса орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу