Оңтүстікте жарық өшуіне Өзбекстандағы ақау себеп болған

950

Алматы және елдің өзге де оңтүстік өңірлерінде 25 қаңтарда электр қуаты өшкені белгілі. Кейіннен Қырғызстан мен Өзбекстанда да осындай мәселе туындағаны айтылды. Энергетика министрлігі оқиғаның себебі анықталғанын мәлімдейді. Оған Өзбекстандағы ақау себеп болған екен.

Оңтүстікте жарық өшуіне Өзбекстандағы ақау себеп болған

"Қуаты 500 кВ болатын бірінші шинаның дифференциалдық қорғауының шамадан жоғары жұмыс істеуіне байланысты Сырдария ЖЭС-інің жұмысы бұзылды және өзбек энергия жүйесінде 2 105 МВт жиынтық генерацияны жоғалта отырып, 500 кВ іргелес желінің өшуіне әкеп соқты. Өзбек энергия жүйесінде пайда болған қуат тапшылығы "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" транзитіндегі қуаттың 2 105 МВт шамасындағы артылуына алып келді. Соның салдарынан шамадан тыс жүктемеге байланысты динамикалық орнықтылық бұзылып, құрылғылардан ажыратылды", – деді министр Болат Ақшолақов. 

"Технологиялық ақау туындаған сәттегі, оқшаулау және жою кезіндегі персоналдың іс-әрекетіне, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жұмысына баға берілді. Осындай технологиялық бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленді", – деді Болат Ақшолақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу