Оңтүстікте жібек құртынан мата өндіруде

1196

Оңтүстікте жібек құртынан мата өндіруде

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіру ісі қолға алынды.  Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тұт егіп, жібек құртынан мата шығару ісіне машықтанған кәсіпкер Сұлтанбек Бәкіров жергілікті тұрғындарды аталған кәсіпті игеруге үйретіп жүр. Биылдың өзінде ол 600 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. 

Кәсіпкер аудан басшылығымен келісім нәтижесінде 55 гектар жер алып соның 20 гектарына 140 мың түп тұт көшетін егіп, жібек өндірумен айналысып келеді. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Жапырағын жылына төрт рет жинақтауға болатын тұттың бұл сортын қандасымыз шетел ғалымдарымен бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде ойлап тапқан.  Жапырақ жеуден басқаны білмейтін мыңдаған жібек құрты бастапқыда  кішкентай 40 грамдық қораптарға салынып өсіріледі. Түлеген сайын, қабықтарын тастап, 70 есеге дейін үлкейеді. Әзірге кәсіпкер жапырақтың бір келісін 20-22 тенгеден қабылдапжатыр екен. Сол жапырақтармен қоректенген жібек құрты өңделмеген  жібек шығарады. Оны жіпке айналдырып, тоқыма жұмыстарын жүзеге асырып отырған кәсіпкер өз өнімдерін еш қиындықсыз саудаға шығаруда. Бұл кәсіппен айналысушылар саны жыл өткен сайын артып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу