Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

1223

Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 10 айдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 526 мың шаршы метрді (5246 пәтер) құраған. Бұл туралы Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға артып отыр. Ал Шымкент қаласында биыл жалпы аумағы 302 мың шаршы метрлік 5 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы аясында облыста құрылысы жоспарланған 231 нысанның жыл соңына дейін 115-ін пайдалануға тапсыру межеленген. Ал жыл басынан 1 қарашаға дейін 61 нысан пайдалануға тапсырылды. Қалған 54 нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Шымкент қаласында биыл 201 үй салынуда.

"Айта кетерлігі, Шымкентке жалпы құны 22,5 млрд теңгеге 46 үй салынуда. Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталығында — 32, жалға берілетін — 16, несиелік 16 үй салынуда. Бұдан бөлек "Шымкент сити" шағынауданында жалпы саны 14 үйдің құрылысы жүргізіліп келеді", - деді Әбілсейіт Рабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу