Оңтүстіктегі құс тұқымбағы 15 мыңға жуық дуадақ ұшыруды көздеп отыр

1188

Оңтүстіктегі құс тұқымбағы 15 мыңға жуық дуадақ ұшыруды көздеп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Бірлік ауылында жасанды жолмен дуадақ өсіріп жатыр. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Араб инвесторы Шейх Халифа Бен Зайд Аль-Нахайянның қолдауымен құрылған құс тұқымбағынан табиғатқа жылына 600-ден астам дуадақ ұшырылуда. 2016-2018 жылдары жобаның үшінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 13 млрд. теңге шетел инвеститциясы тартылған. Егер үшінші кезең еңсерілсе, жылына 15 мыңға жуық дуадақ ұшырылу жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, жұмысшылар санын 400-ге жеткізу көзделуде. 

Бүгінге дейін  895 гектар жер көлемін алып тұрған орталыққа 3,5 млрд теңге шетел инвеститциясы тартылып, ауданның 156 тұрғыны жұмыспен қамтылған. 

Айта кетейік, мұндай тұқымбақтар әлемнің үш елінде яғни  Морокко, Бірікке Араб Әмірлігі мен Қазақстанда ғана бар.

Араб тарабы Қазақстан алдындағы өз міндетін орындау үшін 2010-2017 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына бас-аяғы  2 мыңға жуық  дуадақ ұшырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу