Оңтүстіктегі шифер шығаратын кәсіпорын өнімінің 40 пайызын экспорттауда

1178

Оңтүстіктегі шифер шығаратын кәсіпорын өнімінің 40 пайызын экспорттауда

Оңтүстік Қазақстан облысында шифер шығаратын кәсіпорын жылына 2,3 миллион дана шифер өндіреді. "Оңтүстік" индустриялды аймақта орналасқан "Tectum Enjineering" ЖШС-гі шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын. Жоба құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Зауыт "Хатчек" әдісімен өнім шығарады. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды blognews.kz.

Ал шығарылған өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, қалған 40 пайызы Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан елдеріне жөнелтілуде.

Айта кетейік, аталған аймақта жалпы сомасы 55,8 млрд теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда мұнда құны 21,4 млрд теңге болатын 46 жоба іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр. "Оңтүстік" индустриалды аймағы қатысушыларының жалпы өнім көлемі өткен жылы 18,2 млрд теңгені құрады. Ал 2010 жылдан бері аймақтағы кәсіпорындар 85,9 млрд теңгенің өнімін шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу