Оңтүстіктегі жер сілкінісінен кейін жедел штаб құрылды

280

Бұл туралы ТЖМ хабарлады.  

Оңтүстіктегі жер сілкінісінен кейін жедел штаб құрылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

6 қазанға қараған түні Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша жедел штаб құрды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министр Батырбек Абашевтың төрағалығымен өткен бейнеконференция барысында өңірлердегі қазіргі жағдай қаралды. Министрліктің мәліметінше, ТЖМ күштері мен құралдары толық дайындық режимінде тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

"Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, өңірлермен тұрақты байланыс орнатқан. Азаматтардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз", – делінген хабарламада.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ.

Азаматтарға арналған "жедел желі" нөмірлері:

  • ҚР ТЖМ Командалық орталығы – 8 (717) 270-41-18;
  • Түркістан облысы ТЖД – 8 (725) 335-78-86;
  • Жамбыл облысы ТЖД – 8 (726) 251-35-75;
  • Шымкент қаласы ТЖД – 8 (725) 295-57-06.

Айта кетейік, 6 қазан күні сағат 01:29-да ҚР ТЖМ "ННЦСНИ" сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Дүмпудің күші MSK-64 шкаласы бойынша 4 балға дейін жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу