Оңтүстіктен қоныс аударатындарды қабылдауға дайындық жүріп жатыр

1045

Оңтүстіктен қоныс аударатындарды қабылдауға дайындық жүріп жатыр

2018 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданына еліміздің оңтүстік өңірінен 50 отбасы қоныс аударады. Бұл туралы аудан әкімі Ернұр Әйткенов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 
"Қазіргі таңда төрт ауылдық округтің әкімдері Алматы облысының аудандарында кездесу ұйымдастыруда, - дейді Ернұр Әйткенов. - Келесі жылы 50 отбасын қабылдаймыз. Майқарағай ауылында бос тұрған үй көп. Сондай-ақ, бюджеттік үйлер бар. Бүгінде үш қабатты мектепте 30 бала ғана білім алуда. Жалпы, білім ошағының 150 баланы қамтуға мүмкіндігі бар. Бұған қоса, ауыл шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарға жер береміз. Ет пен сүт өндіру бағытында мал өсіруге несие ұсынылады. Мектептің қасында екі қабатты ғимарат жөнделсе, қосымша жұмыс орны ашылады. Жиекке көшетіндерге де бар мүмкіндік қарастырылған. Біздің мақсат – оларға жағдай жасау. Ал, олардың міндеті - дұрыс ниетпен жұмыс істеп, отабасыларын асырау және балаларына білім беру". 

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, биыл ауданға Оңтүстік Қазақстан облысынан төрт отбасы қоныс аударған және олардың барлығы жұмыспен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу