Оңтүстіктен қоныс аударғандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия қарастырылмақ

926

 Оңтүстіктен қоныс аударғандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия қарастырылмақ

Қазақстанда өңір бойынша қоныс аударуға квоталар 5 есеге артады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Ведомство басшысының атап өтуінше, бөлінген қаржыны ескере отырып, бүгінде бағдарлама аясында еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлеріне өз еркімен 381 отбасы немесе 1479 адам қоныс аударды.
"Келесі жылға қоныс аударуға өңірлік квоталарды 5 есеге арттыру көзделіп отыр, яғни 1700 отбасыға дейін немесе 7 мыңға жуық адамды қамту ескерілген", - деп нақтылады Тамара Дүйсенова. 
Министр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасына тиісті өзгертулер енгізу қажеттігін атап өтті. Өзгерістер азаматтардың өз еркімен қоныс аударуын ынталандыруға қатысты болып отыр. Осы мақсатта қоныс аударушылардың орнығуына байланысты барлық мәселелерді шешуді ескере отырып, оларды тұрақты жұмысқа қабылдауға дайын жұмыс берушілерге 450 АЕК (1 082 250 теңге) сомасында субсидия ұсыну қарастырылуда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу