Оңтүстіктен көшіп келгендерге сапасыз үй салған шенеуніктер жазаланды

879

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды. 

Оңтүстіктен көшіп келгендерге сапасыз үй салған шенеуніктер жазаланды

Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үйлер сапасының нашарлығы расталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үйлер сапасының нашарлығы расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін Мемлекет басшысы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берген еді. Мақалада үш жыл бұрын берілген тұрғын үйлерге ешқандай құжат рәсімделмегені, аудан тұрғындарының бір шақырымнан су тасып, қыста қарды ерітуге мәжбүр екені жазылған. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу