Оңтүстіктен солтүстікке 125 отбасы аттанды

764

Оңтүстіктен солтүстікке 125 отбасы аттанды

Оңтүстіктен солтүстікке 125 отбасы аттанды. Оның ішінде он шақты шаңырақ өзге өңірге қоныстану үшін жолға шықты. Сапарға жиналғандардың арасында ондағы мүмкіндіктерді қарастырып қайту үшін кеткен тұрғындар көп, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына аттанып жатқан тұрғындардың арасында осыған дейін тұратын елдімекендерінде болып, ондағы жағдайдың жай-жапсарымен танысып келгендер аз емес. Қоныс аударған азаматтардың тұрғын үй, жер, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілуі әкімдіктегілердің тікелей бақылауында болады дейді жауаптылар.

Еңбек күші жетіспейтін өңірлерге жиналған көшті жергілікті атқамінерлер мен халық қалаулылары шығарып салды.

Айта кетейік, 2015-2017 жылдары күнгейде 1 жарым мыңға жуық мүшесі бар 400-ге тарта отбасы солтүстікке қоныс аударған. Олардың отбасында кемінде бір адам жұмыспен қамтылып, әр түрлі салада жемісті жұмыстар атқаруда дейді басқарма өкілдері. Көш биыл да жалғасады. Жыл аяғына дейін 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу