Оның ішінде еңбекке қабілетті 1008 адамның 116-сы ауыл шаруашылығымен, 98-і кәсіпкерлікті дамытумен айналысуға, 794-і мемлекеттік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға ықыласты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Биылғы жылдың ақпан айында облысымызға Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 60-тан астам өкілдері келіп, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Шымкент қаласында өткен еңбек форумына қатысқан болатын. Нәтижесінде, қатысқандардың ішінен 2019 мүшесі бар 672 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Ал, биылғы жылдың сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары мен Шымкент қаласынан жалпы 58 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.