Оңтүстіктен солтүстікке көшкендер кері қайтуға қаражат таппай отыр

1251

Ал әкім орынбасары  оларды жатыпішерлер деп атады.

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендер кері қайтуға қаражат таппай отыр

Оңтүстіктен солтүстікке көшкен ағайын бүгінгі тұрмысына наразы, деп хабарлайды КТК.

СҚО-дағы Токаревка – облыс орталығынан 70 шақырым жердегі шағын ғана ауыл. Онда тұрып жатқан 126 адамның 27-сі оңтүстіктен көшіп келген. Мұнда, тіпті, мектеп те жоқ. Балалар аудан орталығындағы интернатта жатып оқуда. Көшіп келген жұрт оған да шүкір деседі. Себебі, 2 үйге 3 отбасы сыймай отыр. 

"3 отбасы тұрамыз бір үйде –10 адамбыз. Сағындықов деген азаматтың үйі. Жеке фирмасы бар. Ал біз жұмыстан шығатын болсақ, бұл үйден шығарып жібереді. Біздің атымызға үй берген жоқ. Мен айтып-айтып шаршадым. Қойдым сосын", – дейді көшіп келген Тілек Төлепов атты азамат.

Тілек Төлеповтің отбасы картоп өсірген. Бірақ одан аса пайда болмапты. Әйелі сауыншы. Жаз маусымында сүт мол болғанда 60 мың теңгеге дейін алып отырған. Қазір қолына тиетіні – айына 5 мың теңге ғана.

"Біз олардың барлық жағдайын жасауға тырысамыз. Мемлекеттің тиісті субсидиясы толық берілді. Олар әбден дайынға үйреніп алған. Жатып ішер деуге болады. Шынымды айтсам, өздері жәй жүрмей шу шығарып жүреді", – дейді Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Алмагүл Рамазанова.

Көші-қонға жауаптылар солтүстікке дәрігер, мұғалім, механизатор сияқты  мамандықтарды шақыратынын айтады. Ал көшіп келгендердің көбінің арнайы білімі жоқ, мойнында несиесі барлар. Сондықтан әр адамға 85 мың теңгеден берілген субсидияны бірден жұмсап қояды екен.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша оңтүстіктен солтүстікке 3 жылда  2700 адам қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу