Оңтүстіктің бидайы Үкіметке керек емес пе?!

252

Түркістан облысында шаруалар бидайын сата алмай отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оңтүстіктің бидайы Үкіметке керек емес пе?! Фото: inbusiness.kz

Еңбек иелерінің айтуынша, қазіргі баға еткен еңбекті айтпағанда, кеткен шығынның өзін ақтамайды. Себебі 1 гектар жерге астық егіп, оны орып алғанша 150 мың теңгеге дейін жұмсалады. Ал астықтың қазір тоннасы 60-65 мың теңге ғана.

Ол тек тыңайтқыштар мен арамшөптерді жою үшін себілетін дәрілердің құнына да жетпейді. Осылай деп шырылдаған шаруалар қолдағы бидайды Азық түлік корпорациясының қорына белгіленген бағамен сатып алуды сұрайды.

Дихандар сол арқылы ғана шектік бағаны бекітуге болады деп есептейді.

Егер мемлекет баға бекітпесе, алып-сатарлар өнім құнын қалауларынша төмендетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу