Оңтүстіктің мақтасын Шымкент өңдейді

1144

2020 жылы Шымкентте 6 мың тонна мақта өнімдері өндіріледі.

Оңтүстіктің мақтасын Шымкент өңдейді Фото: sputniknews.kz

Шымкенттегі  екі индустриялық аймақта бос жер қалмаған. Бұл туралы қала әкімі Ерлан Айтаханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

Оның айтуынша, аталған аймақтарда бүгінде құны 42 млрд теңгеге 67 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Олардан бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық түскен. 

"Қалаға инвестиция тарту мақсатында Сингапур, Түркия, Қытай, БАӘ, Ресей және Корея мен Өзбек елдерінің әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде өзбек инвесторларының қатысуымен ағымдағы жылдың 5-ші желтоқсанында қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған "Альянс" ЖШС (бұрынғы "Ютекс" АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін 60 тонна, ал келесі жылы 6 мың тонна мақта талшығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде бұрынғы "Меланж" акционерлік қоғамы іске қосылады. Нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылады. Бұл өз кезегінде елімізде өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттырады және 800 адамға жұмыс орнын береді", – деді Ерлан Айтаханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу