Оны менен ешкім тартып алмайды – Илья Ильин чемпиондығы туралы

475

Спортшы Лондон Олимпиадасындағы чемпиондығы туралы жазба қалдырды.   

Оны менен ешкім тартып алмайды – Илья Ильин чемпиондығы туралы Фото: olympic.kz

Пекин мен Лондонда өткен Олимпиада ойындарында чемпион болып, артынша допинг қолданғаны үшін атақ-даңқы кері қайтарылған ауыратлет Илья Ильин өзін Олимпиада чемпионы санайтынын жазды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"12 жыл бұрын жарқын да мықты жеңіс болды. Оны менен ешкім тартып алмайды. Бұл біздің жеңісіміз болды. Менің жеңісім болды. Жақындарымның, туған-туыстарымның және еңбегімді бағалайтындардың барлығы үшін жеңіс. Шарттар барлығына бірдей болды, мен жеңіске жеттім. Бәрімізді жеңісімізбен құттықтаймын, достар. Лондон 2012", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылғаны 2016 жылдың маусым айында белгілі болды. Алдымен оның Лондон Олимпиадасындағы алтыны кері қайтарылса, артынша Пекинде де тыйым салынған препарат ішкені анықталып, ол кездегі чемпиондығы да алынып тасталды.

Ауыратлеттің өзі допинг қолданғанын бүгінге дейін мойындаған емес. Десе де, Ильинмен бірге талай жарысқа қатысқан серігі – әлем чемпионы Алмас Өтешов жуырда ғана сұхбат беріп, ұлттық құрамада болған ауыратлеттердің бәрі күш беретін препараттар ішкенін мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу