"Оны неге менен сұрап тұрсыз?": Сот Нүкенованың ағасына ескерту жасады

1911

Жауап берушіге бұл сұрақ ауыр тиіп, ол теріс бұрылып кетті. 

"Оны неге менен сұрап тұрсыз?": Сот Нүкенованың ағасына ескерту жасады Фото: видеодан алынған кадр

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Әйелін өлтірді деген айыпталушының адвокаттары Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге бірқатар сұрақ қойып, оны ашуландырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бишімбаев тарапынан адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов Айтбек Амангелдіден “Салтанаттың денесін көрдіңіз ба, сараптама нәтижесін көрген шығарсыз, оның миының тұсы ойылып, көзі шығып кеткен бе” деп сұрады. 

Бұл сұрақ марқұмның ағасына ауыр тиіп, ол теріс бұрылып кетті. Нүкеновтардың адвокаттары “ол осы саланың маманы емес, сараптама нәтижесін қараңыздар, сол жерде бәрі бар” деп шағымданды. 

Бишімбаевтың адвокаты “мен тек көрдіңіз бе” деп сұрадым деді.

“Мен өлген қарындасымның денесінен көптеген жарақат көрдім, менен сізге не керек? Сараптама жасалған суреттерді алып, кестені көріңіз. Оны неге менен сұрап тұрсыз?” деп ашуланды Айтбек Амангелді. 

Судья “сіздің жағдайыңызды түсініп тұрмыз, сонда да сабыр сақтауға тырысыңыз. Тәртіп сақтамағаныңыз және сотқа құрметсіздігіңіз үшін жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Қорғаушылар, сұрақты дұрыс қойыңыздаршы” деп ескерту жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу