"Оны сен өлтірдің": Салтанат Нүкенованың анасы шыдамай сот залында айғайлап жіберді

2160

Бишімбаев сотта кінәсін мойындамады.

"Оны сен өлтірдің": Салтанат Нүкенованың анасы шыдамай сот залында айғайлап жіберді Фото: Jogargy_sot

Бишімбаев жауап бере бастаған кезде Салтанат Нүкенованың анасы шыдамай сот залында айғайлап жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маған қандай да бір сөз айту қиын. Мені кешіреді деп те ойламаймын. Бірақ кешірім сұрау - менің адами парызым. Бұл орны толмас қайғы екенін және оған менің қатысым барын білемін. 

Екіншіден, мен кінәмді мойындамаймын деген сөзімді түсіндіре кетейін. Мен әдейі, аса қатыгездікпен өлтірді деген сөзбен келіспеймін", - дейді Бишімбаев. 

Салтанаттың анасы сот залында Бишімбаевқа "Оны сен өлтірдің. Мен қызымның жүзін көрмедім, сен кінәлісің" деп айқайлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу