"Онымен бақыттымын": Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші жігітін көрсетті

1806

Актриса сүйіктісін Instagram-stories-қа жүктеді.

"Онымен бақыттымын": Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші жігітін көрсетті Фото: instagram.com

Әсел Сәдуақасованың таңдауы түскен азаматтың аты-жөні - Мағжан Тілеуханов.

Ол  актрисадан 7 жас кіші. Жігіт маркетолог әрі блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.

Актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова біраз уақыт бұрын берген сұхбатында сүйікті адамы бар екенін айтқан. 

"Ал қазір өмірімде ондай тізімді қажет етпейтін қарым-қатынас бар. Бірінші кездесуден-ақ бәрі түсінікті болды", - деп жазды Әсел.

Әсел онымен бірге әйел ретінде толыққанды гүлдене бастағанын айтты.

"Онымен тыныш әрі жақсы. Эмоционалдық ауытқулар, шиеленіс жоқ. Тек күлкі мен шын жүректен шығатын әңгімелер. Ол мені сүйіспеншілігімен және қамқорлығымен баурап алды", деді актриса.

Сондай-ақ, актриса барлық қыз баласына өз махаббатын табуын тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу